Мейіржанның блогы


Меломен тобы – Тәтті сезім

Арманымсың ақ құсымдай,
Тамылжыған тәтті сырдай,
Жүрегіммен егіз бе едің,
Айтшы, неге сені іздедім?

Үміт арман – ай!
Жылы таңдар ай!
Жаным ау сені,
Ұмытам қалай?

Қ-СЫ:

Сағындың сен де,
Сағындым мен де,
Елес болып қала бердің,
Сағым күндерде.

Мөлдіреп көзің,
Елжіреп сезім,
Шығар ма ең жаным, қарсы алдымнан,
ӨЗІҢ.

Көздеріңде көл дірілдеп,
Қараушы едің сен күлімдеп.

Айтшы жаным енді кімге?
Сыңар болдың сен бүгінде…

Сыр ұқтырғаным..
Күліп тұрғаным.
Неліктен, неге,
Ұмыттың, жаным?

Қ-СЫ:

Бәрі де кеш…
Өмір – елес,
Сені ұмыту,
Мүмкін емес!!!

Аңсар тобы – Сен есіме түскенде

Бұл бейнебаянда отбасы, тұрмыс, виртуалды махаббат, интернет (www.massagan.com) тақырыптары көтеріледі.
Ең қызығы офистік жұмыс пен бірсарынды тірліктен шаршаған жігіт монитордың ар жағындағы бейтаныс қызбен “сайттан ізде” деген жолақ арқылы тілдеседі екен.:)

Каблуковадағы журналист-сымақтың шимай-шатпағы

Тек әке-шешеден боқтамасаңдар болды. Бұл пост түннің бір уағында бір сәттік толғаныспен жазылған комменттердің қосындысы. Һеш өңделусіз беріліп отыр. (өңдеуге ерініп отырмын да ЧЫ) Тұнып тұрған математика. Әңгіменің талғамыңызға сай келмеуіне редакция жауап бермейді. 🙂

«Ерте де кеште, тұрасың сен есте…» Бұл әнді таңды таңға ұрып айтуға болады. Эх, шіркін жастық шағымның еске түсіп отырған-ай. 60-шы жылдар. Кілең лениншіл жастар бір адамдай егіске шығатынбыз. Мен трактористпін. Азаннан кешке дейін жұмыс істеген соң, түнде жастар жиналып өнерлерімізді ортаға салатынбыз. «Ұялмаған өлеңші» болады дегендей бір кезде мен шығамын ортаға. «Біз екеуміз қол ұстасып…» – деп Шәмші замандасымның әнін сала бастаймын. Қыздардың назары тегіс менде, даусыма елітіп отыр. Бір кезде бір әсем дауыс қосылды әніме. Далаға шыққаннан көзіме түскен қыз шықты ортаға. қайырмысынан іліп әкетті…
Түннің бір уағында отырыстың қызған шағында ай, жұлдыз қараймыз деп оңашаға шығарып алдым оны. Бейнебір отырыстан ай көрінбейтіндей. ))муахаха. Содан жаймен әңгімені бастадым. Жүрек соғысы оған естілмеуі үшін. «Әнді жақсы салады екенсің» — деп өзімше оған баға беріп қойсам. «Мен кәсіби әншімін» — дейді. Сасқанымнан «Онда мында не істеп жүрсің?» — деп қалдым. Ол басын көтере: «Өйткені мен совет адамымын» — деп жауап берді. Сондағы менің қысылғаным-ай. Жоқ, жөнсіз сұрағым үшін емес. Тракторист болып, ұялмай бұлбұлмен жарысып ән салғаным үшін, «ибай-айй» маған не жоқ десейші. Содан не керек, атың неге Пчелка — деп сұрамасым бар ма? Бұл сұрағымнан қыздың көзі мөлдіреп, жас тамшылары бетін жуғанын байқадым… (more…)

Araba

Posted in Uncategorized жіберуші meirzhan on Желтоқсан 27, 2010
Tags: , , ,


Araba

Gonul ister aradigini
Hep mi bekler, hep mi bulamaz.
Gonul ister tanidigini
Hic mi bilmez, hic mi soramaz.

Beni alsa nafile nafile
Yerime bir sey koyamaz.
Yalvarsam da kal diye, kal diye
O yerinde hic duramaz. (more…)

ЖОО-дағы келеңсіздіктер

Posted in Uncategorized жіберуші meirzhan on Желтоқсан 22, 2010
Tags: ,

Қазір қай ЖОО-нына бас сұқсақ та парақорлықты көреміз. Аттестация мен сессияға жақындаған күндері оқытушылар, жастардың тілімен айтқанда «қатая» қалады. Кейбір «ұстаздар» тіпті шын өз күшімен оқып, 5-тік бағаға лайық болғысы келген студенттерді жақтырмайды, тіпті құлатуға тырысуы да мүмкін. Парақорлық дендеген жерде қандай білім мен тәрбие туралы айтуға болады. Оқытушылардың пара алуын жалақының аздығымен байланыстыратындар бар. Әрине, айыратын нәпақалары көңіл көншітпейтіні рас, бірақ дегенмен де мүлде ақша алмай қызмет істеп жүрген ғалым-ұстаздар баршылық. Олардың киімдері де, өздері де қарапайым. Жаяу жүреді. Бірақ ары таза.
Тағы байқағаным, оқытушылардың парақорлық деңгейі студенттердің материалдық жағдайларына байланысты екен. Мәселен, көбі грантта оқитын, қарапайым отбасыларынан шыққан студенттер оқитын ЖОО-да парақорлық мейлінше аз болады.
Кейбір ғалым-оқытушылар өзінің ғылыми атағын алға тартып, көп дандайсиды. Менің ойымша, ЖОО-да қандай кафедра, қандай кабинет, бөлім болсын барлығы студентке қызмет етуі тиіс. ЖОО-да ең басты фигура – студент, оған жоғары дәрежелі білім мен тәрбие беру және осының бәрін жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Ал кейбір ұстаздар бұл жерде өздерін бәрінен тым артық көріп, кергиді. Егер ғылым қуса ғылыми институттарда жұмыс істесін.

Күлкі

Posted in Uncategorized жіберуші meirzhan on Қараша 11, 2010

Күлкі адам өмірін ұзартады. Ал күлуге себепкер болатын әзіл-қалжың. КВН не әзіл-сықақ театрына бару арқылы күлкі терапиясын алуға болады. Әзілдің өзі деңгейіне байланысты әр-түрлі болып бөлінеді. Адам өз дәрежесіне байланысты соның бірін таңдайды. Өзіме инттелектуалдық юмор өте ұнайды. Оның ішінде Мистер Биннің рөлін сомдаушы актердің (Аткинсон болуы керек) өнері. Айтуларыңыз мүмкін, онда интеллектуалдық юмор жоқ деп. Бір-ақ оның фильм мен сериалдарында әзіл-сықақ әлемінде толып жатқан бейәдеп сөздер мен қылықтардың бірі де жоқ. Жуырда Көпен Әмірбековтың интервьюын тыңдадым. Ол қажылықтан келгеннен кейін өз шығармашылығындағы кейбір сөздерді мүлдем алып тастапты.
Қазіргі кейбір әзіл-қалжыңдар шынын айту керек сын көтермейді. Жиіркенішті. Қоғамның ең төменгі дәрежесіне түспей, керісінше тәрбиелік сипатының көп болуын қалаймын. Әрине күлдіру, комедия деген ең ауыр жанр. Себебі драма арқылы адамға әсер ету оңайырақ. Дегенменен әйтеуір күлдірсек болды деп емес, эстетика және этиканы әрқашан есте сақтау керек. Сақына киелі жер емес пе?!

P.S. Қазақта мынадай сөз бар: «Қалжың мазаққа әкеледі, мазақ тозаққа әкеледі». Өмірде болсын адамды ренжітпейтіндей қалжыңдау керек. Дөрекілік – рухани осалдық деп бір ғұлама айтып кеткен болатын.

Көне аспабымыз қобыз

Posted in Uncategorized жіберуші meirzhan on Қараша 10, 2010
Tags:


Басқа аспаптарға қарағанда қобыздың орны біз үшін бөлек. Қобыз әуенін тыңдаған кезде қатты әсерленгеніміз соншалық, бір тылсым күштерді сезініп, көз алдыңда қазақтың (түркі тілдес елдердің) тарихы өте шығады. Домбырада орындалатын күйлерді тыңдаған кезде аттың дүбірі естіліп, көз алдыңа қазақ даласында аттардың шауып келе жатқаны елестесе, қобыз басқа әсер береді. Неге бұлай екенін мамандар анықтап берер. Естуімше қобыз бақсы-балгерлердің аспабы болыпты. Қобыздың әуезді, арбағыш үнін тірліктерінде пайдаланса керек. Мүмкін, біздің санамызда қобыз әуенін тыңдағанда тәңіршілдік, бақсы-балгерлер жаңғырығы естілетін шығар. Қайткенмен де тыңдаған сайын бір күш арбай түседі. Қобыздың тарихы бай ғой. 11 ғ.-дан артық. Яғни, біздің ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тыңдаған. Халықтың жадында сақталған әуез болса керек. Концерттерде тыңдаған сәттеріңде трансқа түсе бастағандайсың. Тіпті көз жасы тамшыларын байқамай да қалуың мүмкін. Бір қызығы, қобыз қазақтарды тілге бөлмейді, барлықтарына тегіс әсер етеді. Ұлттық бет-бейнемізді сақтайын десек, қобыздың үнін тыңдап, қолдан келсе тіпті ойнауды да үйренейік.

Блог жүргізу

Posted in Uncategorized жіберуші meirzhan on Қараша 9, 2010
Tags: , ,


Блог жүргізу интернеттің мүмкіндіктерінің бірі. Адамның ой-пікірлерін, ішкі тебіренісін, эмоцияларын жазба, сурет, басқа да медиалар арқылы шығару құралы. Блогтың атасы -кәдімгі жеке күнделік. Бірақ күнделігіңде жазғаныңды ешкім оқып, комменттей алмайды. Бұл оның артықшылығы да, кемшілігі де. Ал блог жазбалары арқылы автор пікірлерінің, шығармашылығының бағасын алады, мұңдас, тілектес, өмірлік позициялары ұқсас адамдарды табады және де көзі қарақты блоггер арқылы қатесін де көре алады. Ал кей кезде тіпті, оқырман санасына сәуле де құя алады. Өзгелерден ерекшеленіп, креативтің болуы үлкен плюс.
Жазылған ақпарға сүйеніп, автор туралы пайымдауға да болады. Не туралы көп жазса, қызығушылығы соған басым екені аңғарылады. (more…)

Театр өнері

Posted in Uncategorized жіберуші meirzhan on Қараша 6, 2010
Tags: , , ,

театр
Театр керемет құдіретті өнер. Оның қадірін біреуі білсе, екіншісі біле бермейтінін қойылымдағы көрермендердің толмауынан көре аламыз. Тамашалауға келгендердің дені билетті зорлықпен алғандар: оқушылар, студенттер, әскер сарбаздары… Дегенмен, арасында бұл өнерді шын сүйетіндер де бар. Олардың арасына мен де соңғы жылдары қосылдым. Бастапқыда амалсыздан билеттердің таратылып беруінен барғаныммен, соңғы жылдары өз еркімен баратын болдым. Алғашқы кездері қойылымда актер эмоцияға беріліп («не жаздым мен!», «тарт, тарт тіліңді» деген кездері) сөйлегенде күлетінмін. Не болды соншама деп. Ал қазір кейбір кездері тіпті жас шығарып та аламын.
Оқиғалардың, драма, комедияның көз алдыңда өтіп жатқаны сөзбен жеткізе алмас әсер береді. Кино өнерінен басты артықшылық осы. Нағыз тікелей эфир. Бірақ мұнда актерлерге үлкен жауапкершілік артылады. Айтылған сөз – атылған оқ. Қатені түзету қиын. (more…)

Бояма күлкі

Posted in Uncategorized жіберуші meirzhan on Қараша 6, 2010
Tags: , ,

Өзінің «Адам-зат» атты кітабындағы «бояма күлкіге» арнаған ой-пікірлерінде Ғарифолла Есім Абайдың төртінші қара сөзіндегі «бояма күлкіден» туындаған өз ойларын өрбітіп, Абайдың бұл турасындағы сөздерін қалай түсінгенін жазады. Сондықтан Ғарифолла Есімнің ой-толғанысын туғызған бұл қарасөзге жүгінуді жөн көріп отырмын. Бұл қара сөзінің басында Абай күлкінің мастық белгісі екенін, ал мас болған адам ғафилдық істеп, көп сөйлеп өзгенің басын ауыртқанымен, кейін өзі дүниеде не ахиретте басы бір ауырмай қалмайтынын айтады. Ары қарай күлкіге қарама-қарсы категория – уайым-қайғы туралы ой өрбітеді. Уайым-қайғының мәнін аша отырып, оның адамға шаруаға жинақырақ болуға септігін тигізетінін айтады. Бірақ үнемі қайғылы болып жүруге адам шыдамайды. Ал уайым-қайғыдан арылудың хақ жолы – қарапайым адамдар ойлайтындай күлкі емес, орынды харекет дейді.

(more…)

Келесі бет